QAZLATIN түсіндірмесі
qazlatin
Сайттың, жобаның дамуына қолдау көрсетіңіз
KaspiQR
INTELLECT орталығы

Қ.К.Тоқаев:

"Кириллицада көптеген сөзде "ы" деген әріп бар. Мысалы, "ырымшыл" деген сөзде үш "ы". Біз оны автоматты түрде "у" деп жазатын болдық. Сонда "ырымшыл" деген сөзді латын әліпбиінде жазатын болсақ, үш игрек болады. Бұл қазақ тілі ме? Оны кім оқи алады?

Ақырында, тіліміз кирилл әліпбиімен де, тіпті, латын әліпбиімен де жағымсыз көрінетін болды. Осындай мысалдар аз емес. Сондықтан ғалымдарымыз басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануы керек."

Ыы–Yy нұсқасының қате болатынын бұрын марқұм ғалым Әлімхан Жүнісбек ағамыз да айтып кетті, бүгінгі ғалым ағамыз Ерден Қажыбек те айтып келеді.

Латын әліпбиіне ауысқан барлық түркітілдес елдердің стандартына айналғаны бұл:

ы – ı, і – i.

Осы жерде қарасақ, бұл жуан-жіңішке сыңар дыбыс таңбаларын ажыратып тұрған тек бір ноқат (таңба үстіндегі нүкте). Жуан дыбыста ешқандай белгі жоқ, ал жіңішкесінде бір ноқат.

Осындай жолды ұстана отырып, бірізділікпен басқа да жуан-жіңішке сыңар дыбыстарды дәл осылай бір ноқатпен белгілеп шығайық:

ы – ı, і – i,

а – a, ә – ȧ,

о – o, ө – ȯ,

ұ – u, ү – u̇,

Бұлай белгілеу апострофтан да, диграфтан да, тіпті умлауттан да ұтымды, әдемі, әрі бірізді болып шығады.

Әріптер:

а – a

ә – ȧ

б – b

в – v

г – g

ғ – ğ

д – d

е – e, ye

ё – yo

ж – j

з – z

и – iy, ıy, yiy, yıy

й – y

к – k

қ – q

л – l

м – m

н – n

ң – ŋ

о – o

ө – ȯ

п – p

р – r

с – s

т – t

у – w, uw, u̇w

ұ – u

ү – u̇

ф – f

х – h

һ – h

ц – ts

ч – tş

ш – ş

щ – şş

ы – ı

і – i

э – e

ю – yu̇w, yuw

я – ya, a

Ережеден тыс сөздер:

компьютер – kȯmpu̇ter

инженер – injiner

институт – institu̇t

министр – ministir

университет – u̇niversitet

Ережеден тыс сөздерді жалғастыруға болады.