Параллель латиница

Стандартты A26-ның артықшылығы - ол кезкелген жерде әрі кезкелген құрылғыда қазақ тілінде жазуға мүмкіншілік беретіндігі болатын. Алайда ол мәселе бұрын өзекті болса, қазір технологияның кең дамыған заманында барлық құрылғы интернет желісіне жалғанған, әрі интернет жылдамдығы өте тез заманда кезкелген әліппені 10 секундта жүктеп алып жаза беруге болатындықтан ол аса өзекті болмай қалды. Ендігі өзектісі – тілге өте шақ болуы, тілді үйренуді оңайлататын, артық ереже туындатпайтын, тіл жазбасын еркіндікте ұстайтын, жазбаның ұсқынын кетірмей, оқуды жеңілдететін нұсқа болу керек.

Ұсынылып жүрген нұсқалардың қазақ тіліне ең шағы, кәміл әрі қолайлысы – ол алғашқыда Тіл Білімі Институтының ғалымдары ұсынған диакритикалы Q33 нұсқасы. Өйткені ол нұсқа тіл жазбасын ешқандай бір артық ережелер шеңберіне қамамай еркіндікте ұстайды, әрі жазбаның да ұсқынын кетірмей, оқуды жеңілдетеді. Сондықтан сол Q33 нұсқасын негізгі ресми түп нұсқа ретінде қабылдап, ал A26 нұсқаларының біреуін SMS хабарламаларында және сол сияқты кейбір жерлерде ғана пайдаланатын балама нұсқа ретінде бекіткен жөн.


Диакритикалы Q33 нұсқасы туралы толығырақ мына жерде diakritika.html

Диграфты A26i нұсқасы туралы толығырақ мына жерде digraf.html

Апострофты A26' нұсқасы туралы толығырақ мына жерде apostrof.html

iLatin.kz